«Таза қала» акциясының қорытындылануына аз уақыт қалды. Шымкентте комиссияның соңғы отырысы өтті. Жеке тұрғын үйлер мен серіктестіктердің аумағын көгалдандыру мен көріктендіруді мақсат тұтқан акцияға өтініш білдіргендер былтырғыдан көп. Мәселен бір ғана «Үздік көше» номинациясына 4 ауданнан 318 ұсыныс түскен. Сонымен биылғы науқан ерекшелігі туралы әріптесім баяндайды. 

Акция 5 номинация бойынша өткізілген: «Үздік аула», «үздік көше», «үздік үй», «үздік аула тазалаушы», «үздік тұрғын үй алабын» анықтады. Науқан 10 жылдан бері өткізіліп келеді. Биылғы ерекшелік бір аудан тек бір номинация бойынша қатыса алады. Бұған дейін аудандар бірнеше номинация бойынша да қатыса беретін. Сонымен қатар, биылғы ерекшелік – сыйлық ретінде техника қарастырылған. Теледидар, смартфон беріледі. 2021 жылғы акция кезінде 120 адам қатысыпты, оның 90-на арнайы сыйлықтар табысталған.