Күн суытқан мезгілде хал жағдайды сұраған соң қойылатын бір сұрақ- үй жылы ма? Түркістанда қазір жылу беру жайы қалай ? Жаңадан бой көтерген көпқабатты үйлер жылыту жүйесіне қосылды ма? Осы және өзге де сұрақтар бойынша Түркістанда арнайы брифинг ұйымдастырылды.


Түркістан қаласында жылу беру маусымы 27-қазан күні басталды. Қазір рухани астанадағы 155 көпқабатты үй жылумен қамтылды.Мұнда 7798 пәтер бар.  Алайда Шымкент қаласы мен Түркістан облысының таулы аудандарында жылу бұдан 1 апта ерте бұрын бере басталды. Мұның себебі ауа райының қолайлы  болуынан екен.   
Қазір Түркістандағы қазандықтар көмір қолданбайды. Бұл экологияның таза болуына айтарлықтай септігін тигізіп жатыр. Жылу беру жүйелері қазір көпқабатты үйлердің жақын маңдарына салынған.
Алайда жылу берудің алғашқы күндері жүйеде ақаулар болғаны рас. Қазір осы кемшіліктерді түзету үшін арнайы диспетчерлік топ құрылып, жұмыс істеп жатыр. Жаңа қалада бой көтерген көпқабатты үйлерге де жылу жеткізілген. Мұнда газ толық берілмегенімен ол үйлер су. электр энергиясы және жылумен қамтылған.  Пәтер иелері үйді алған күннен бастап жылу ақысын төлеуге міндетті екен.