Жастардың арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында, бүгін үлкен теннистен мастер клас өткізілді. Оған қаланың ерікті жастары тартылып, бір жарым сағат бойында білікті жаттықтырушылардан дәріс алды. Олардың араларында спорттың бұл түрінен чемпион болуды қалайтындары да бар екен.
Теннис – бұл бүкіл дененің, жүректің және ақыл-ойдың бұлшықеттеріне арналған кешенді жаттығу. Осы орайда, жастардың арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатанда Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған бүгінгі шеберлік сабағына «Sport Volunteers» жобасы аясында ерікті жастар тартылған.
Шеберлік сабағын тәжірибелі 1-ші санаттағы жаттықтырушы Талғат Арыстанов пен Александр Евгениұлы өткізді. Олар қатысушыларға ракетканы ұстаудан бастап, корттағы қозғалыстардың қыр-сырын үйретті.
Теннис ойнау қырағылық пен тактикалық ойлауды қажет ететіндіктен, физикалық қасиеттермен бірге ақыл-ой қабілетін де дамытады. Теннис жылдам ойлауды және қарсыластың тактикасын көре білуді талап етеді, бұл ойын барысында адамның бейіні мен зейіні күшейеді. Алдағы уақытта спорттың бұл түріне қызығушылық танытқан жастарға қаламыздағы Жастар ресурстық орталығы мен Теннис орталығы бірлескен жеңілдіктерін ұсынбақ.