«1 желтоқсан Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күні». Жасөспірімдер арасында АИТВ инфекциясын жұқтырудың алдын алу мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Осы орайда ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы мен Қоғамдық денсаулық сақтау институты оқушылар арасында «Теңдік уақыты» тақырыбында ғылыми-практикалық форум өткізді. Жиында жұқпалы ауруды жұқтырудың себептері мен салдары түсіндірілді.
АИТВ жұқпалы вирусының қауіптілігін жастар жақсы түсінеді. Себебі қазіргі таңда қаладағы мектептерде инфекцияның алдын алу бойынша түрлі семинарлар ұйымдастырылып тұрады. Ал мектеп оқушылары болса жұқпалы вирустың алдын алуды мектеп табалдырығынан бастағанды жөн санайды.
Елімізде жұқпалы дертті жұқтыру дерегі алғаш рет 1993 жылы анықталған. АИТВ жұқтырғандардың жас топтарына қарай жұқтырудың жоғары деңгейі 15 пен 49 жас аралыңы. Яғни, 84,5 пайыз.
Ғылыми-пркатикалық форумда оқушылар мамандарға тақырыпқа байланысты сұрақ қойып тұшымды жауап алды. Сондай-ақ викториналық ойындар ойнады. Ал, салауатты өмір салтын насихаттап, СПИД-тің алдын алуға бағытталған іс-шараларға белсене қатысқаны үшін бірқатар азаматтар алғыс хатпен марапатталды.