Негізгі Жаңалықтар ТӨТЕНШЕЛІКТЕР ҚЫС МАУСЫМЫНА ДАЙЫН БА?

ТӨТЕНШЕЛІКТЕР ҚЫС МАУСЫМЫНА ДАЙЫН БА?

ТӨТЕНШЕЛІКТЕР ҚЫС МАУСЫМЫНА ДАЙЫН БА?

Төтенше жағдайлар депаратменті қыста болуы мүмкін оқыс-оқиғаларға қаншалықты дайын? Бүгін Шымкентте таң атысымен "Қыс-2022" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті. Онда коммуналдық және арнайы техникалардың дайындығы тексерілді.


Шымкентте қыс маусымында болуы мүмкін табиғи және техногендік сипаттағы апаттарға төтеншеліктер 100 процент дайын. Қаладағы Астана алаңында өткен оқу-жаттығу жиынында Азаматтық қорғау органдарының, коммункалдық қызметтер мен төтенше жағдайлар департаментінің техникалары сақадай сай екенін айтылды. Жалпы, Шымкент шаһарында алдағы қыс мезігіліндегі қар тазалау жұмысына 800-ге жуық қызметкер жұмылдырылады.   
Департамент басшысы сонымен бірге бүгін таңғы сағат 8-ден бастап қаладағы көпқабатты үйлер мен ғимараттардағы халықты құлақтандыру жүйесі тексеріліп жатқанын айтты. Тұрғындар мен қала қонақтарынан дабыл кезінде алаңдамауын сұрады.
"Қыс-2022" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы барысында практикалық іс-шаралар өткізілді. Төтенше жағдайлар департаменті қыста үшінші мегополисте апаттық жағдай бола қалса, дайынбыз деді. Қар тазалау, тасу техникалары дайын, құм, тұз сияқты материалдар да қорда жеткіліті деңгейде бар екені хабарлады.

Бөлісу