Жаңа сайланған Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов өз жұмысын аймақпен танысудан бастады. Аудандағы бірқатар мекемемелер мен ауылдық округтерідің тыныс-тіршілігімен, атқарған және алдағы уақытта атқаратын жұмыстарының  барысын бағамдады. 


Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы барған алғашқы нысандардың бірі қаладағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы. Мұнда кәсіпкерлік бөлімі мен ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі, бірнеше несие беруші мекемелер орналасқан. Орталық  басшысына келушілерге қолайлы жағдай жасауды және мемлекеттік бағдарлама аясында берілетін несиелерді тұрғындар арасында кеңінен насихаттау, түсіндіру керектігін айтты.
Сондай-ақ, аудан басшысы аудандағы экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында құрылысы жүргізіліп жатқан автоматтандыру газ таратқыш станциясының жұмысын көріп шықты. Жобаның жалпы сметалық құны 3,8 млрд теңге. Қарақай ауылдық округіндегі «Жетісай» және Ынтымақ ауылдық округінде «Киров» АГТС бойынша жауапты жеңімпаз мекеме «БатысМұнайГазЖабдықтары» ЖШС.  Екі бірдей газ тарату станциясы іске қосылса аудан тұрғындары тұтынып келген 18 мың текше метр газға қосымша 50 мың текше метр қосылатын болады.
Айта кетейік, жүйелі атқарылған жұмыстардың нәтижесінде бүгінде аудандағы 113 елді мекеннің 56-сы көгілдір отынға қосылып, 52,8% құрап отыр.Тұрғындарды табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында арнайы іс-шара жоспары түзіліп, тиісті жұмыстар жүргізілуде