Баскетболдан әйелдер арасындағы Ұлттық лигада Түркістан облысының намысын қорғайтын «Тұран» командасы биылғы маусымды сәттілікпен бастады. Қазір түркістандық баскетболшы қыздар оқу-жаттығу жиындарын өткізуде.
Сымбат Қыдырәлі спортпен 6 жасынан шүғылданады. Жастайынан баскетбол добын қолға алып, бүгінде көптеген жарыстарда жеңіске жеткен. Баскетболдан «Тұран» қыздар командасының сапында өнер көрсетіп жүргеніне екі жылдан асыпты. Қазіргі таңда тереңдетілген жаттығу жұмысы жоғары деңгейте өтіп жатқанын айтады.
Түркістандық баскетболшы қыздардан құралған «Тұран» командасы 2022 жылы Қазақстанның ұлттық лига ойындарында жеңімпаз атанған. Еліміздің ұлттық лигасында өнер көрсететін әйелдер құрамасы биылғы маусымда үш ұпаймен көш бастап келеді.
ДАйындық барысында «Тұран» командасының қыздары Түркістан облысының баскетбол федерациясының президентімен кездесіп, алдағы чемпионат барысын талқылады. Өз кезегінде Есбол Қамбаров өңірде баскетбол спортын дамытуда тың жұмыстар атқарып жатқанын баса айтты. Команданың чемпиондық титулға жетуі үшін бар жағдай жасалады деді.
Айта өтейік, «Тұран» әйелдер құрамасы сапында жергілікті жас ойыншылар да өнер көрсетеді.