Үйіңіз салқын ба? Қала тұрғындары үшін жылу маусымында  болған ақаулықтарды оперативті түрде жөндеу үшін өтінімдерді қабылдау бойынша диспетчерлік қызмет 24/7 форматта жұмыс істеп жатыр. Одан бөлек бірыңғай «I-Komek-109» орталығына да хабарласып, шағымдануға болады. Шаһарда мұнан өзге нендей коммуналдық мәселелер бар, қандай жұмыстар жасалған?


Қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы тарапынан қала бойынша жылыту маусымының өту барысына күнделікті мониторинг жүргізіліп жатыр.  Сонымен қатар, қаладағы 5 ауданда, жылу жүйелеріне мониторинг және оперативті жөндеу жұмыстарын атқаратын 9 учаске қызмет етеді, онда 36 бригада жасақталыпты. Инженерлік желілерде (газ, су, электр, жылу) қысқы маусымға жоспарланған барлық жөндеу жұмыстары толық аяқталған. Орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған 2070 көпқабатты тұрғын үйлер мен 484 бюджеттік мекемелер жылу маусымына толық дайын болған еді. Брифинг барысында ауыз су мәселесі де сөз болды.
Ал табиғи газбен қамтылу мәселесі 2025 жылы толық шешіледі екен. 2022 жылы қаладағы 81 елді мекеннің 31 елді мекені жартылай,  8 елді мекен қамтылмаған.  Шымкент қаласының даму жоспарына сәйкес, 2022 жылы 8,1 млрд.теңгеге 18 нысанның құрылыс жұмыстары  жүргізілді. Ал 2022-2025 жылдары қаланың оңтүстік, солтүстік бөлігінің кәріз жүйесімен қамту үшін дамыту жоспарына сәйкес, жаңа кәріз тазарту имараты және елді мекендердің ішкі жүйелер құрылысын жүргізу жоспарланған.
Ал сапалы электр жарығымен қамтуды 100 пайызға жеткізу биылға жоспарланған. Ал қала көшелерін жарықтандыру көрсеткішін 70-%, 2025 жылы 100-%-ға жеткізу жоспарланып отыр.
Жиын соңында спикер өзінің қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасына басшы болып ресми тағайындалғанын мәлімдеді. Алдағы уақытта халықтың жиі шағымданатын қарапайым мәселелерін шешуге барын салып, жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді.