Балалар жылының жемісі. Былтыр Шымкенттегі балалар клиникалық ауруханасында онкогематология, нефрология, интервенциялық кардиология, стоматология бөлімшелері ашылған болатын. Нейрохирургиялық оталарды жандандыру мақсатында соңғы үлгідегі заманауи аппараттар орнатылды.
Осы уақытқа дейін ерекші күтімді қажет ететін ата-аналар тарапынан балалар стоматологиясына қатысты бірқатар мәселе туындаған болатын. Қазіргі таңда денсаулық сақтау басқармасы бұл проблеманы балалар ауруханасы арқылы шешіп отыр. 2022 жылдың сәуір айында ауруханада сәулелі диагностикалық орталық ашылды. Биыл аурухана дәрігерлері балалар кардиохирургиясы, офтальмология және неонаталдық хирургия саласын дамыту жоспарланған.
Алдағы уақытта да басқарманың жоспарланған жұмыстары көп. Мемлкет басышысының тапсырмасы аясында, республикалық бюджет есебінен заманауи перинаталдық орталық салу, Денсаулық сақтау жүйесіне инвестиция тарту шеңберінде 2023 жылы "Shymkent"ӘКК АҚ-мен бірлесіп 4 емхананың құрылысы бойынша жұмыстарын жүргізу. Ынтымақ-2 шағын ауданындағы емхана "14 емдеу орталығы" ЖШС жеке инвесторы есебінен (1,2 млрд. теңге сомасына), мәртебесі-құрылысты аяқтау 2023 жылы жоспарлануда; Гүлистан көшесіндегі емхана "Medical Center Shubarsu" ЖШС жеке инвесторының есебінен (сомасы 2 млрд. теңге), мәртебесі – жер учаскесіне қатысты сот талқылауы; Курсай шағын ауданындағы емхана "14 емдеу орталығы" ЖШС жеке инвесторының есебінен (1,2 млрд. теңге сомасына), мәртебесі-құрылыс жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттама дайындалуда; - "Imperium Medical" ЖШС жеке инвесторы есебінен Қайнарбұлақ тұрғын алабындағы емхана, мәртебесі-ӨҮК шешімі үшін жер учаскесін беруде алдын ала келісу. Сонымен қатар МЖӘ жобасы аясында "Шымкент қаласында бір ауысымда 700 келушіге арналған 800 төсектік университеттік көпбейінді аурухана және клиникалық-диагностикалық орталық (емхана) құрылысы", жеке инвестор есебінен құрылыс басталды.