Шымкентте қара жерге заңсыз қожалық қылатындар саны азаймай тұр. Бүгінгі таңда пысықайлар 80 гектардан астам жерді  заңсыз иеленіп алған. Осы өзекті мәселені құзырлы орган қызметкерлері әкімшілікпен бірлесіп көтеріп отыр. «Жерді өз бетінше иеленіп алуға байланысты туындаған проблемалық мәселелерді шешу және алдағы уақытта болдырмау» мәселелері бойынша жоба дайындаған.


Бұл күнде прокурорлар  мегаполисте мыңнан  астам жер телімі заңсыз иеленгенін  анықтап отыр. Осы мәселемен күресу үшін жаңа жоспар жасақталған. Қадағалаушы орган, құқық қорғау билік өкілдері мен қоғам белсенділерінен құрылған топ заңсыздықты анықтайтын болады. Заңсыз құрлыстар жойылып, жер мемлекетке қайтарылатын болады.
Қаланың күре жолдарына бөленген жерлерде жекенің қолына өтіп кеткен. Жер телімдері мемлекет мұқтаждығына  қайта қайтарылып жатыр. Қаратау, Абай ауданында кейбір телімдердің заңсыз құжатыда бар көрінеді. Жалған құжат жасап, қарашаны алдаған алаяқтарға заң қатаң.
Жаңа жоба қала әкімдігімен мақұлданып отыр. Енді осы жоба аясында заңсыз иемделген  жер телімдерін қайтару жумыстары қыза түседі.  Қайтарылған жер мемлекет мүддесіне бөлінеді. Ол жерге білім нысандары, жол, өзгеде әлеуметтік нысандар бой тіктейтін болады.