Шалбарының беліне есірткі жасырып, шекарадан өтпек болған шетелдік ұсталды.Сарыағаш аудандық полиция бөліміне есірткі контрабандасы бойхабарлама келіп түсті. Аталмыш хабарламада «Жібек жолы» өткізу пунктінде шекарашылар мен «Линда» атты қызметтік иттің көмегі арқылы тыйым салынған затты тасымалдауға күдіктінің анықталғаны көрсетілген.Түркістан облысының полицейлері әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу кезінде, түнгі уақытта көше бойында бір топ жас жігіттердің бұзақылық жасап, қоғамдық тыныштықты бұзғанын анықтады.


Шекарашылардан ақпарат алысымен оқиға орнына жедел тергеу тобы шықты. Белгілі болғандай, Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасына жаяу өтіп бара жаткан жас жігітке қызметтік ит белгі берген. Сарыағаштық тәжірибелі тәртіп сақшылары сезіктінің Тәжікстан азаматы екенін анықтады. Ер адамға кейінге қалдырылмайтын тінту шарасы жүргізіліп, оның спорттық шалбарының сол қалтасынан және шалбардың белінен күмәнді есірткі затына ұқсас зат табылды. Тәркіленіп алынған 2 орамадағы зат бірден сараптамаға жолданды. Сараптама қорытындысы оның 1 грамға жуық «гашиш» екенін растады.
АСПАНҒА ОҚ АТҚАН ЖАС ЖІГІТТЕР АНЫҚТАЛДЫ
Түркістан облысының полицейлері әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу кезінде, түнгі уақытта көше бойында бір топ жас жігіттердің бұзақылық жасап, қоғамдық тыныштықты бұзғанын анықтады. Яғни олар белгісіз қарумен аспанға бірнеше рет оқ атқан. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 293-бабының 3-бөлігі 2-тармағымен тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды. Жетісай аудандық полиция бөлімінің жедел уәкілдері шұғыл іздестіру шараларын жүргізу барысында, оқиғаның 2022 жылы желтоқсан айының 21-інен 22-сіне қараған түні қаладағы рестобарлардың бірінің алдында болғанын анықтады. Оқиға бойынша қарумен оқ атқан 5 жас жігіттің жеке басы анықталып, полицияға жеткізілді. Олар Жетісай қаласының тұрғындары болып шықты. Белгілі болғандай, туған күнге жиналған жастар соңында қызық үшін аспанға оқ атқан. Олардан айғақты зат ретінде ішкі істер органдарына тіркелмейтін, яғни 2 дана сигнал бергіш тапанша алынды. Жас жігіттер өздерінің осы іс-әрекеттеріне өкініп, алдағы уақытта қайталамайтынын жеткізді. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.