Ұлыстың ұлы күні қарсаңында мерекелік іс-шаралар басталып та кетті. Қазіргі уақытта қоғамдық тамақтану объектілерінде ғана емес,  үй тағамдарынан да улану қаупі бар. Ботулизм ауруы үй жағдайында дайындалған  консервілерді қолданғаннан болады. Уландың алдын алу үшін не істеу керек?


«Наурыз» мерекесіне орай, алдын ала азық-түлік, оның ішінде әртүрлі тез бұзылатын аспаздық және кремді кондитерлік өнімдер сатып алынады. Мереке күндері үйде тамақтан уланудың негізгі себептері тамақ дайындау кезінде жеке гигиена ережелерінің сақталмауы. Сондай-ақ сақтау мерзімінің  бұзылуы, тез бұзылатын тағамдардың тоңазытқышта тұрмауы болып табылады.
Улануды болдырмау үшін, үй жағдайында консервілеу кезінде банкіны қолданар алдында 10-15 минут қайнатып жіберу қажет. Қақпағы көтерілген, түсі бұзылып, иісі шыққан банкілерді жедел  түрде жою қажет. Тіпті дәмін де татуға болмайды.
Тағамдарды жылумен өңдеу – тағамнан улануды болдырмаудың    бірден-бір жолы. Қарапайым ережелерді орындау тамақтан уланудың алдын алады.  Алайда профилактикалық қауіпсіздік шаралары қаншалықты мұқият сақталса да, азық-түлік өнімдеріндегі микроорганизмдердің болатынын ескеру қажет.Айта кетейік, улану белгілері пайда болған жағдайда, дереу медициналық көмекке жүгіну қажет.