Негізгі Жаңалықтар САЯСИ НАУҚАНДА ТАСКЕНДІКТЕР ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

САЯСИ НАУҚАНДА ТАСКЕНДІКТЕР ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

Ел тарихындағы маңызды күнде Таскен тұрғын алабының тұрғындары да өз таңдауларын жасауда. ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарына дауыс берген олар жаңа Қазақстанның жарқын болашағы өз қолымызда, дейді.


№103-ші жалпы орта мектебінде орналасқан 239 сайлау учаскесіне  ағылған халықтың қарасы көп. Саяси науқанға бір кісідей білсенділік танытып жатқан Таскен тұрғын алабының тұрғындары өз таңдауларын жасауда. № 239 сайлау учаскесіне 2078 сайлаушы тіркелген екен.
Бұл жолы жастардың белсенділіктерін  ерекше атап айтпасқа болмас. Сайлауға қатысуды  азаматтық борышым деп санайтын Даниал Ахтаев бүгін алғаш рет сайлауға қатысып дауыс берді.  

Бөлісу