№71 сайлау учаскесінде дауыс берушілер наурыз көжеден дәм татып, құрт ірімшіктен ауыз тиді. Осылайша №86 жалпы білім беретін мектеп ғимаратында орналасқан сайлау пункті келушілерге мерекелік көңіл күй сыйлады. Дастарханнан ауыз тигендер сайлау науқанындағы бұл бастамаға ризашылығын білдірді. 


Азаматтық борышын атқарып, дауыс беріп шыққандар бірден учаске алдында жайылған ақ дастарханға бет бұрып жатты. Себебі мұнда құрт-ірімшіктен бөлек Наурыз көже құйылып таратылды. Мұндай жаңашылдықты  сайлаушылар алғаш көріп тұрғандарын айтып, ризашылығын білдірді.
№71 сайлау учаскесіне тіркелген  дауыс берушілер белсенді қатысып жатыр. Бұл сайлау учаскесінде 2 125 тұрғын тіркелген. Ал жүріп-тұруы қиын жандарға комиссия мүшелері өздері барады. Олар үшін барлық жағдай жасалған. Қазірге дейін 3 сайлаушыдан үйде дауыс беру ұсынысы түскен.  
Айта өтейік, №71 сайлау учаскесінде сайлау барысын бақылау үшін 21 бақылаушы тіркелген.