Негізгі Жаңалықтар ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ДАУЫС БЕРДІ

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ДАУЫС БЕРДІ

Түркістан қаласында жалпы 121 мыңнан астам сайлаушы тұрады. Олардың қатарында қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков те бар. Ол Парламент Мәжілісі мен мәслихаттарының депутаттарын сайлау үшін 931-сайлау учаскесіне барды.


Бүгін Түркістан қаласында 62 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Барлығы таңғы 7:00-ден бастап сайлаушыларды қабылдап жатыр. Рухани астанада жалпы 121 405 сайлаушы тұрады. Олардың саяси белсенділігі жоғары. Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков те алғашқылардың бірі болып дауыс берді. Әкім 931-сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады.

Бөлісу