Шымкенттегі ұлан-асыр наурыз тойы гала-концертке жалғасты. Астана алаңындағы «Шырқа, наурыз» кеші наурыз мерекесін қорытындылады.


Наурыз шашуы ретінде ұсынылған концерттік бағдарламаны көруге келген жұртшылықтың қарасы қалың болды. Көктем лебін жеткізген ән шеруін тұрғындар ашық аспан астында 3 сағат бойы тамашалап, би билеп, мәз-мейрам боп тарқасты. Халықтың сүйіктісіне айналған сахна саңлақтары – Жазира мен Жанболат, Мөлдір Әуелбекова, Әлия Әбікен мен Қанат Үмбетов, Райм мен Ерке Есмахан, Серік Ибрагимов бастаған эстрада өнерпаздары ән шырқап, көптің көңілін көтерді. Кеш тізгінін белгілі тележүргізуші Ләйла Сұлтанқызы мен актер Әділ Ахметов алған. Ал концерт «Хабар» арнасынан тікелей эфирде көрсетілді.