27 наурызда Шымкент қаласының аумағында "Найза-терроризмге қарсы-2023" терроризмге қарсы оқу-жаттығуы өткізіледі. Шымкент қалалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы осылай хабарлап отыр.
 «Іс-шараның мақсаты құқық қорғау және арнайы органдардың күштері мен құралдарының террористік сипаттағы түрлі қауіп-қатерлерге ден қоюға дайындығын тексеру болып табылады. Жаттығу әр түрлі қиындық элементтерімен жауынгерлік жағдайларға мүмкіндігінше жақын. Осыған байланысты қалалық жедел штаб азаматтарды жүргізіліп жатқан оқу іс-шараларына, автокөлік пен халық қозғалысының ықтимал уақытша шектеулеріне түсіністікпен қарауға шақырады. Қала тұрғындары мен қонақтарынан қауіпсіздік шараларын сақтауды және мемлекеттік органдарға тартылған қызметшілердің заңды талаптарын орындауды сұрайды»