Елімізде соңғы он айдың ішінде он сегіз мыңға жуық қазақстандық интернет алаяқтарға алданған. Олар ғаламтор пайдаланушыларын түрлі жолдармен арбап, төлем  карталарындағы қаржыларын жымқырған. Құқық қорғаушылар қанша ескертседе аңғалдар қатары азаймай тұр. Осы өзекті мәселе «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалында қоғамдық қабылдау кезінде айтылды. . Бұл жолы тұрғындарды заңгер мамандар қабылдады.

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалына келім құқықтық көмек сұраған жанның бірі Мираш Кешкенбаева. Ол үлкен ұлының мәселесін алға тартып келіпті. Белгісіз себептермен ұлына көлік салығы қай-қайта келеді екен.  Көпбалалы ана мәселесінің шешілетініне көз жеткізіп, қуанып қалды.

Құқықтық көмек» жобасы аясында азаматтарға   Шымкент қаласы Әділет департаментінің құқықтықтық түсіндіру жұмысы және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы,   Бибигуль Абдалиева кеңес берді. Сонымен қатар адвокат Ерлан Тлеуов , Шымкент қаласы Еңбекші заң консультациясының адвокаты Райымбек Нурбеков,тұрғындарға тегін кеңес берді.

Статистикаға жүгінсек Қазақстанда жасалынатын алаяқтықтың 37%-ы  тап осы интернет арқылы жасалады. Ресми деректерге сәйкес, соңғы 5 жылда интернет-алаяқтық фактісі белең алып, он есеге өскен. Ал, Шымкент қаласында өткен жылмен салыстырғанда, алаяқтық қылмыстар саны 366  дерекке көбейіп отыр. Осылайша Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, әлеуметтік әлсіз тобына құқықтық көмек беру мақсатында азаматтардың арыз-өтініштері бойынша құқық саласының мамандары халыққа тегін құқықтық көмек және түсіндірме жұмыстарын жүргізді.Мұндай қабылдаулар аптасына бір рет бейсенбі күні ұйымдастырылады. Ал сейсенбі күндері ашық есік күні өтеді.