Шымкенттегі емханаларға  үздік тәжірибелер орталығының жобасы енгізілуде. Жоба Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбековтың жетекшілігімен жүзеге асуда. «Primary Health Care» ұлттық қауымдастығының президенті, м.ғ.д., профессор Төлебай Рахыпбеков  және  ұлттық ассоциация өкілі Роза Абзалова  қаладағы емдеу мекемелерін аралап шығып, жұмысымен танысты.

Шымкенттегі жұмыс сапар аясында   ұлттық ассоциациясының өкілдері  денсаулық сақтау басқармасы қызметкерлері, және емхана бас дәрігерлері тәжірибелер орталығы моделін   бастапқы медициналық-санитариялық емдеу мекемелеріне енгізу мәселелерін талқылады. Жоспар бойынша, 2023 жылы үздік практика орталығы жобасы №1, №3, №6, №7 қалалық емханаларында енгізілетін болады..

Игі бастама  әр отбасыдағы әлеуметтік  проблемаларға  аса назар аудара отырып,  дұрыс тамақтанбау, әлеуметтік жағдай,  ішімдікке салыну, отбасындағы психикалық т.б  жағдайлары бойынша негізгі проблемаларды шешуге бағытталған. Сапар соңында «Premy Health Care» ұлттық  қауымдастығының президенті Төлебай Рахыпбеков Шымкент қаласындағы емханалардың жұмысына  ризашылығын білдіріп,  жұмысты одан әрі дамытудағы кеңестерімен бөлісті.

Шымкент қаласы бойынша  үздік тәжірибе орталығы  әзірге төрт емханаға енгізілмек. Озық емхана  практикасын енгізу бойынша  емхананың  бас дәрігерлері арнайы оқудан өтіп, кәсіби бліктілігін шыңдады. Бұдан бөлек жыл соңына дейін өзге де  емдеу мекемелеріне   озық тәжірибелер жобасын енгізу жоспарлануда.Айта кетейік,  Еңбекшіқазақ ауданы озық тәжірибелерді енгізудің табысты нәтижелерін көрсетуде. Мәселен, халықтың МСАК медбикелері мен әлеуметтік қызметкерлерге көмек сұрап жүгіну саны 100 еседен астам, отбасылық дәрігерлерге жүгіну саны үш есеге, ал бейіндегі мамандарға жүгіну саны 50% - ға азайған.