Ордабасы ауданында фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды. Төрткөл ауылдық округіне қарасты Қызылжар елді мекеніндегі нысанның лентасы қиылды. Салтанатты жиынға арнайы қатысқан аудан әкімі мекемеде тұрғындар үшін барлық жағдай жасалғанын айтты. Игілікке ауыл тұрғындары разы.

Фельдшерлік-акушерлік пунктте медициналық қызметтің бірнеше түрі көрсетіледі. Мұнда құралдарды зарарсыздандыруға, анализдерді жинауға және пациенттерді вакцинациялауға арналған барлық қажетті жабдықтар бар.

Қызылжарауылында 1600-дей тұрғын бар. Бұған дейін басы ауырып, балтыры сыздағандар ескі медициналық мекемеде қызмет алатын. Жалпы Ордабасы ауданында дәл осы сарындағы 9 ғимарат салу жоспарланған. Бұл нысан солардың алғашқысы.

 Жаңа ФАБ-тың құрылысына жергілікті қазынадан 130 миллион теңге қаржы бөлінген. Заманауи талапқа сай нысанды аудан әкімі арнайы аралап көрді. 12 кабинеттен тұратын ғимарат азаматтарға сапалы қызмет көрсететіне сенім білдірді. Өз кезегінде ауыл ақсақалдары медицина қызметкерлерінің жұмысына сәттілік тіледі.