Шымкенттегі еңбек ұжымдарында жағдай тұрақты. Жыл басынан бері қалада 3 еңбек дауы тіркеліп, барлық мәселе оң шешімін тапқан. Бұл туралы қалалық кәсіподақтар орталығы, «аумақтық бірлестігінің» төрағасы Бауыржан Әлтеев мәлімдеді. Орын алған дау тасымалдау қызметіне байланысты екен.

 Еңбек дауы жеке және ұжымдық болып екіге бөлінеді. Келіспеушілік туындаған кезде не істеу керек? Мемлекеттік еңбек инспекциясының басшысы Бауыржан қалжанов жеке және ұжымдық еңбек дауын қарау тәртібін айтып берді.  Сөзінше еңбек даулары үш тәртіп бойынша шешілед екен.

 Биыл жыл басынан бері 3 ұжымдық дау туындапты. Олар тасымалдау қызметіне байланысты. Мәселен қоғамдық көлік жүргізушілері айлық жалақысының аз екенін айтып, оны көтеру бойынша дау тудырған. Қазіргі таңда мәселе оң шешімін тауып жүргізушілер жалақысы 200 мыңнан 400 мыңға дейін көтерілген.   

 Атйа өтейік, еңбек дауларын шеші үшін кәсіподақтар орталығында  арнай «Заң клиникасы» ашылған. Оған жыл басынан 49 адам жүгініп, тегін консультациялық көмек алған.