Дәстүрлі веломарафон Ордабасы ауданында да өтті. Бұл күні спортсүйер қауым Темірланнан Ордабасы тауына дейін жарысты. «Денсаулық фестиваліне» аудан әкімінен бастап, мектеп жасындағы балаларға дейін қатысты. Салауатты өмір салтын насихаттайтын жиында біздің арнаның түсрілім тобы болды.

Биыл қасиетті мекендегі «Ордабасы» тарихи-мәдени қорығына 30 жыл. Айтулы датаға орайластырылған жиынға 100-ге тарта велошабандоз қатысты.

Бұқаралық спортты насихаттауға арналған жиынға қатысушылардың қуанышы де ерекше болды. Спорттан талай жылдан бері қол үзіп қалғандар салауатты өмірді қайта бастағандарын алға тартып отыр.

Сайыс қорытындысымен 18 жас аралығында бірінші болып Бағжан Орынбеков топ жарса, екіншңі орынды Елжан Оспанов иеленді. Ал Пайыз Жұмаділ үшінші орынға табан тіреді. 35 жас аралығында да бірқатар азаматтар жүлделі орындарға ие болды. Сондай-ақ аудан азаматтары белсенділік танытқаны үшін Алғыс хаттармен марапатталды.