Облыстық кәсіпкерлер палатасы мен Түркістан қаласының прокуратурасы бірлесіп «Бизнесті қорғау» жобасы аясында кездесу өткізді. Басқосуда кәсіпкерлік нысандарға инфрақұрылым, кәріз, су жеткізу, электр желісімен қамтамасыз ету бойынша бірқатар  ұсыныстар айтылды.

Жиында соңдай-ақ, инвесторлар мен инвестициялық жоба басшыларының проблемалық мәселелері талқыланды. Түркістан қаласының прокуроры Кәукен Бақытбайұлы әрбір кәсіпкерлік субьектілерінің қордаланған мәселелері басты назарда болатынын жеткізді. Шараның негізгі бөлігі сұрақ-жауап ретінде өрбіді. Талқыланған тақырыптар бойынша нақты шаралар қабылданды.