Адал азамат – адал қоғам. Адал қоғам – әділетті билік. Ал әділетті билік – халқы бай, экономикалық ахуалы жақсы, саясаты мықты мемлекет қалыптастырады. Президенттің халыққа Жолдауына қатысты қазір қоғам белсенділері осындай пікірлер айтып жүр. Қазір қоғамда жаңа әдіс-тәсілдерге, жаңа идеяларға, жаңа кадрларға деген сұраныс аса жоғары. Ал, мұндай талап-тілектің үдесінен қалай шығуға болады? Бір ғана шешім бар. Ол - жас ұрпақтың білімге бетбұрысын ынталандыру.
Қазақстан – біздің жалғыз ғана Отанымыз. Оның іргесі берік, керегесі кең, төрт құбыласы түгел болуы – өз қолымызда. Президен айтқан ең негізгі принцип - Әділетті Қазақстан құру. Адал азамат ұғымын қадыптастыру. Ал, шын мәнінде, адалдық жоқ жерде ешқашан әділдік болмайды.
Президент айтқан тағы бір маңыз¬ды мәселе: кадр тапшылығы. Оны қолдан жасамай, білімді, білікті мамандарды қолдау керектігі жайындағы түйінді сөзі көңілге үміт ұялатты. Білімді жастардың шетелге кетуі еліне қызмет еткісі келмегендіктен емес, әлі де тоңы жібімеген сыбайластық пен трайба¬лизмнің кесірінен, қағажу көргендіктен кетіп жатқаны жасырын емес. Бұл ретте Шымкенттегі «Дарын» орталығының ұжымы жас өскінді мектеп қабырғасынан бастап бәсекеге қабілетті ұрпақ болып қалыптасуына ықпал етіп жүр.
Ұрпақтар сабақтастығын жалғастыруды дамытқан жөн. Абайдың «Толық адам» ілімін негізге алып, «Адал азамат» қалыптастыруымыз қажет. Олай болса Президенттің сындарлы саясатын қолдап, жаңа белестерге, ұтымды өзгерістерге қол жеткізуге атсалысайық!