Қазақстан Премьерлига командалары арасында Шымкенттік «Ордабасы» командасының «Астанамен» ойында чемпионаттың алтын медалін жеңіп алуға мол мүмкіндігі бар. Ол - 24 қыркүйекте Шымкенттегі Қажымұқан атындағы орталық стадионда өтетін екі команданың кездесуінде шешіледі.
Биылғы чемпионатты өте сәтті өткізіп жатқан Ордабасы командасы өзінің басты қарсыласы Астанамен күш сынасады. Бұл 23 турдың басты ойыны болып тұр. Астана кеше Загребте конфедерация лигасына қатысқан болатын. Бірақ ол ойынға бірқатар мықты футболшыларын қатыстырмады. Олар үшін де басты мақсат Ел чемпионаты екендігін айтпаса да түсінікті. Шымкент жанкүйерлері қанша жыл күткен чеммпионаттың алтын тәжін жеңіп алу үшін барын салады. Бұл тұрғыда Қажымұхан стадионы сақадай сай. Команда бапкерлері мен футболшылар ел сенімін ақтайды деген үміт бар, -деді қала спортының басшысы.
Бұл матч - Ел чемпионатының жеңімпазын анықтайды. Алаң иелері үшін тең ойынның өзі де мол мүмкіндік. Александр Седнев шәкірттерне жеңіс тілейміз. Аса тартысты кездесу - 19:00 -де басталады. Өз командамызға 13-ші ойыншы ретінде қолдау көрсетейік. Тіпті жанкүйерлер сыймай бара жатса стадион сыртында Лэд экрандар қосылады. Алға Ордабасы!