Су ресурстары-маркетингіне 25 жыл! Осы орайда серіктестік өкілдері көрме орталығында төл мерекесін атап өтті. 1998 жылы құрылған мекеме Шымкенттіктерді ғана емес Түркістан облысының кей аудандарын да тіршілік нәрімен қамтып отыр. Су мекемесінің мерейтойымен әріптесім де құттықтап барды.


«Су ресурстары-Маркетингі» 1998 жылы құрылды. Ол уақытта елдің әлеуметтік-экономикалы ахуалы төмен болатын. Сол кезде мекеме басшылығы халықты тіршілік көзімен үздіксіз қамту мақсатында арнайы жоспар түзді. Көрсетілетін қызмет сапасын арттырып, өндіріс шығындарын азайтуды мақсат етті.

Бүгінде мекеме стартегиялық жоспарын жүзеге асырып, үшінші мегаполис халқын 100 пайыз таза ауыз сумен қамтып отыр.  Шаһарда 2000 шақырым су құбыры жүргізілген болса, оның 1100 шақырымы жаңартылған. Ал кәріз жүйесімен қамту көрсеткіш  50 пайыздан асады. Мекеменің жеткен жетістіктеріне арнайы келген қонақтар тоқталып өтті.

Айта өтейік, Су ресурстары-маркетингінің жетістігіне ондағы жұмысшылардың еңбегі орасан. Осы орайда мекеме басшысы бірқатар қызметкерлерді арнайы алғыс хатпен марапаттады.