Елімізде 2013 жылы ЕҢБЕК күні белгіленген болатын. Жыл сайын дәстүрлі түрде тойланып келе жатқан айтулы күн қарсаңында Шымкентте «Еңбек жолы» конкурсының өңірлік кезеңінің жеңімпаздары марапатталды.
Өмірін еңбекпен өрген шырайлы өлкенің адал азаматтары бас қосқан салтанатты жиынды Шымкент қаласы әкімінің аппараты басшысының міндетін атқарушы Бағлан Бағдатұлы ашып, құттықтау сөз сөйледі.
Сайыс «Үздік Еңбек әулеті», «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері»,«Өндірістің үздік жас қызметкері» атты үш номинация бойынша өткізілді. Жеңімпаздарға алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды.
Шара соңы мерекелік концертпен жалғасты. Конкурстың негізгі мақсаты - жастарды еңбекке баулу, тынымсыз еңбек етіп жүрген әулет пен кәсібін жүргізіп жүрген адамдарды анықтау дейді ұйымдастырушылар.