Шымкентте «Өзбек этносының мәдениеті күні» өтті.  Шара этнос өкілдерінің салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын көрсетумен қатар, ынтымақ пен татулықты дәріптеу мақсатында ұйымдастырылды.  Абай саябағында өткен мәдени шарада қазақ пен өзбек ұлтының ұлттық тағамдары мен қолөнер бұйымдарының көрмесі көпшілік назарына ұсынылды.


 Мәдени кешті  Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов бастаған топ Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан бастады. Ұлы тұлғаға тағзым етіп, құрмет көрсетті.


Мәдени мерекені атап өтуге Астана қаласы мен Жамбыл, Қызылорда облыстарынан бірлестік өкілдері қатысты. Сонымен қатар Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан елдерінен арнайы делегаттар келді. Өзбекстанның Қазақстандағы төтенше  және өкілетті елшісіде кеш қонағы болды. Ал мерекені тамашалауға келген жергілікті тұрғындар екі елдің татулығы жайында сөз етті.


Мәдени кештің мақсаты- ұлттық салт-дәстүрді дәріптеу, сонымен қатар екі елдің ортақ тарихи тұлғалары Абай Құнанбайұлы мен өзбек ақыны  Әлішер Науаидың еңбектерін таныстыру.   

Нұрлан Пайзов, тілші
- Өзбек этносы мәдениеті күні аясында Абай саябағында ұзын сонар көрме жәрмеңкесі ұйымдастырылып отыр. Онда қазақтың және өзбек ұлтының ұлттық тағамдары мен қолөнер бұйымдары көпшілік назарына ұсынылған. Мен дәл қазір С.Көбеев атындағы №56 мектептің ұжымы ұсынған мынандай керемет пәтір нанның жанында тұрмын. Бұл бойынша мектеп ұжымынан сұрап білейік. Не дер екен?

 Қазіргітаңда үшінші мегаполисте 250 мыңнан аса өзбек ұлтының өкілдері тату тәтті өмір сүріп жатыр. Айта өтейік, мәдени кеште Өзбекстан Республикасынан келген әншілер мен жергілікті өнерпаздар ән айтып, келушілерге мерекелік көңіл күй сыйлады.