Шымкентте 1600  шақырым табиғи су құбыры жаңартылды. Бұл туралы Табиғи молнополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департамент басшысының орынбасары Айсұлу Әлібекова баспасөз туры барысында мәлімдеді.

 Пресс-тур барысында сала мамандары инвестициялық бағдарлама іс-шараларының 2023 жылы орындалуы барысымен таныстырды. Бүгінде Шымкет қаласы халық санының өсуіне және қаланың мөлтек аудандарының кеңеюіне байланысты желілерді  жүйелі түрде ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде Азат мөлтек ауданы,Алатау көшесіне диаметрі-110 мм ұзыдығы 1315 шақырым су құбырын ауыстыру мен Жаңаталап елдімекенінде жүргізілген  су құбыры арқылы тұтынушыларға суды насос арқылы жіберу тоқтатылып,диаметрі 160-ммлік су құбырына қосу жоспарлануда.

Инвестициялық бағдарламаны іске асыру бағытында су жүйелеріндегі апаттар 2022 жылмен салыстырғанда  пайыздық көрсетікшпен 20 пайызға төмендеген. Ал Сайрам шағын ауданында ауыз су жүйелерінің ұзындығы 100,9 км құрайды.Бүгінде жұмыстың 60 пайызға жуығы орындалған.

Алдағы таңда бұл бағыттағы жұмыстар сала мамандарының басты назарында болмақ.