Шымкентте жыл басынан 30 мыңға жуық бала дүние есігін ашқан. Жауаптылар жаңа туған сәбидің 1 пайызын шала туған шақалақтар құрайды дейді. Медициналық технологияның дамыған заманында аз салмақпен дүниеге келетін сәбилердің өмір сүру деңгейі артқан.

Арай Жақсыгелдиева 4 баланың анасы. Кенжесі Әлиханды жүктіліктің 25- апталығында  босанған. Айтуынша ақ халаттылар  780 грамм боп туған сәбиді жан сақтау бөліміне жатқызып, аман алып қалған. Алайда шала туған шақалақта церебральды сал ауруы пайда болды.   

Қазіргі таңда барлық босану үйінде нәрестелерге арналған арнайы жан сақтау бөлімі бар. Мұнда шала туған шақалақты аман алып қалудың түрлі тәсілі қолданылады.  

 Сала мамандары, әйелдердің жүктілікті жоспарламай, денсаулығына салғырт қарауынан мерзімінен бұрын босану жағдайы көбейгенін айтады. Осының әсерінен жыл сайын жаңа туған сәбилердің 1 пайызын шала туған шақалақтар құрап отыр. Ал салмағы 2,5 келіге жетер-жетпес туған нәрестелердің өмір сүру көрсеткіші 2 есеге өскен.

Айта өтейік, үшінші егаполисте аз салмақпен туған сәбилерге бір ғана перинаталдық орталық қызмет көрсетеді. Денсаулық сақтау басқармасының мамандары келер жылдан бастап үшінші деңгейдегі босану үйінің саны артады деп отыр.