Шымкентте Таеквондодан ІІ ашық республикалық турнирі басталды. Байрақты бәсеке ҚР-на еңбегі сіңген жаттықтырушы, ҚР құрметті спорт қайраткері Шадияр Қондыбаевтың жүлдесіне арналып отыр. Жарысқа еліміздің барлық өңірлері мен көршілерс Өзбек мемлекетінің спортшылары қатысып, шын мықтыны анықтады.
Осымен 2 жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған бәсеке биыл қатысушылардың көптігімен ерекшеленді. Татами төрінде бас аяғы 720 спортшы өнер көрсетті. Басты мақсат – халық арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және спортшылар арасында достық қарым қатынасты орнату, -дейді ұйымдастырушылар.
Байрақты бәсеке, жасөспірімердер мен жас ұл-қыздардың арасында өтуде. Солардың бірі 12 жасар Жолдыбек Абдулазиз турнирде 4 жекпе жек өткізіп үлгерген. 3 қарсыласын жеңіп Өзбек спортшысына есе жіберді. Десе де жас спортшы бұнымен тоқтамай, алдағы додаларға мықты боп оралатынын жеткізді. Арманы олимпиада төрінде қазақтың әнұранын шырқату екен.
Осындай ашық турнирлердің отансүйгіштікке тәрбиелеуде маңызы зор дейді ұйымдастрыушылар. Таеквондоны олимпиадалық спорт түрі ретінде насихаттау басты міндет. Спортшыларға сәттілік.