Шымкент базарларында алтын ұрлаумен айналысқан алматылық әйел ұсталды. Қолы суық әйел зергерлік бұйым сатушыларына жарты миллион теңге көлемінде шығын келтірген.  Ал Түркістан облысында полиция өртті дер кезінде сөндіріп, бүтін бір отбасы мүшелерін құтқарды.

Түркістан облысы полиция департаментінің жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлерінің қырағылығының арқасында Сайрам ауданындағы үйдің ауласында болған өртті сөндіруге мүмкіндік туды.Олар таңғы сағат 10.00 шамасында, жергілікті тұрғынның үйінің ауласынан шыққан түтінді байқайды.Тәртіп сақшылары дереу өрт сөндірушілерді шақырып, оқиға орнына өздері келді. Мұнда олар малға арналған екі қабатты ғимараттың шатырында шөп өртеніп жатқанын анықтады.4 полиция қызметкері өрттің одан әрі таралуын болдырмау үшін оны сөндіруге кірісті. Су мен қолға түскен құралдар көмегімен және өрт сөндірушілермен бірге олар өртті тез арада сөндірді. Өрттен ешкім зардап  шекпеді.  Үй иесі яғни жергілікті  тұрғын  өзінің шынайы алғысын білдірді.

АЛТЫН ҰРЛАҒАН ӘЙЕЛ ҰСТАЛДЫ

Шымкентте алтын ұрлаған әйел ұсталды. Қаскөй сатып алушы ретінде келіп, бағалы бұйымдарды білдірмей ұрлап ізін суытқан. Тауардың жетіспеушілігін байқаған үш кәсіпкер полицияға арызданды. Әл-Фараби АПБ-ның жедел уәкілдері бейнебақылау камераларындағы жазбаларды тексеріп, ұрының жеке басын анықтады. Ол бұрын соңды ұрлық жасағаны үшін бірнеше рет сотталған Алматы тұрғыны болып шықты.Тәртіп сақшылары оны тұрғылықты жерінен ұстады. Күдікті зергерлік бұйымдарды ломбардқа сатып үлгергені белгілі болды.Қазіргі таңда әйел қамауда. Құқыққорғаушылар оның басқа да ұқсас жайттарға қатысы бар болуы мүмкін екенін атап өтті.Полиция қызметкерлері бағалы заттардың ұрланбауы үшін аса қырағы болу және оларды мүмкіндігінше ұрылардың қолы жетпейтін жерлерде сақтау қажеттігін еске салады.