Футболдан премьер  лига  командаларының  арасындағы 3-тур  ойындары  аяқталды. Шымкенттің «Ордабасы»  командасы  өз  алаңында  Алматының «Қайрат» командасын  қабылдап, 1:2 есебімен  жеңілді. Ал Түркістан  облысының «Тұран»  командасы   Қарағанды  қаласында  «Шахтер»  футболшыларын 2:0 есеппен тізе  бүктірді.

Премьер  лига  командаларының  арасындағы  ойын  аздаған  үзілестен  соң  қайта  жалғасты. Жанкүйерлер  басты  назарға  алған  орталық  матч  ретінде  Шымкентте  өткен  «Ордабасы»  мен  «Қайрат»  командаларының   ойындары  аса  тартысты  өтті. Алайда, ордабасылықтар  түсініксіз   жағдайда  өздерінің Ел  чемпионы  деген  атағына  сай  өнер   көрсете  алмады. Қайраттың бас  бапкері  Кирилл Кекердің  шәкірттері  бұл  кездесуге  асқан  жоғары  деңгейдегі   дайындықпен  келгенін  көрсетті. Олар  бірден  бірінші  минуттан  бастап-ақ  Бекхан  Шайзада  қорғаған  қақпаға  лап  қойды. Бірнеше  қауіпті  сәттер  туғызды. Осындай  қарбалас  сәтті  ұтымды  пайдаланған  «Қайрат»  командасының  ойыншысының  қақпаға бағыттаған  жойқын  соққысы ордабасылық  қорғаушы Пластуннің  аяғына  тиіп,  қақпа  торынан  табылды. Бұл  алғашқы  гол  автогол  болып  табылды. Есеп 0:1. «Ордабасы»  командасының  бас  бапкері Александр  Седнев  өзінің  қойған   тактикасынан  жаңылды. Есепті өзгертеміз деп  алға ұмтылған  «Ордабасының» шабуылдары  өз  нәтижесін  бермеді. Есесіне,  ойынның 68-ші  минутында  Қазақстандағы   футбол  жолын  «Ордабасы»   командасында  бастаған  баразилиялық  Жоао Паулу   супергол  салды.  Оның 25  метрдей  жерден  жасаған  жойқын  соққысы  ұлттық  құраманың ең  талантты  деген  қақпашысы  болып  тұрған  Бекхан  Шайзаданың  қақпасынан  табылды. Шын  мықтыға  тұсау  жоқ  деген осы. Өзбекстандық  легионер  Жасурбек   Яқшибаев 85- ші  минутта  голдың  авторы  атанды. Ол  айып  алаңынан  голды қақпаға  енгізді. Есеп 1:2. Жерлестеріміз ойын  барысында  қаншама  рет  есепті  теңестіруге  талпынғанымен  жеңіс қайраттықтарға  бұйырды.

 Ал, 3  тур  ойындарында маңызды  деген  үш  ұпайды  Түркістан  облысының намысын  қорғайтын  «Тұран»  командасы иеленді. Тұрандықтар  сырт  алаңда ойынның  алғашқы  минутынан  бастап  90  минут  бойы қарсыластарға  гол  салуға  мүмкіндік  бермеді. Құраманы  баптайтын  жас  бапкер Ринат Алеуетов  Қарағандыдан   өз  жанкүйерлеріне  аса  тамаша  жеңіс сыйлады. Осы  жеңіске  жетуіне  клуб басшысы,  білікті  спорт маманы Әлібек  Нұртаевтің  темірдей  тәртібі  ықпал  етіп  отыр. Енді 7-ші  сәуір  күні Шымкенттің  орталығында Түркістанның «Тұран» командасы мен  «Ордабасы»  командасы  күш  сынасады.  Илияс ЖОЛДАС,