Скутер мінген жігіттен мефедронның 200-ден астам дозасы тәркіленді. Түркістан облысының полициясы жедел-іздестіру шаралары барысында, синтетикалық есірткі қойып кетуші Шымкент қаласының тұрғынын ұстады.
Жедел уәкілдер скутер мінген жігіттің үйін де тексерген. Үйін тінту кезінде “синтетикаға”, сондай-ақ гашиш пен марихуанаға ұқсас ұнтақ заты бар 8 ораманы да тәркіледі. Полиция қызметкерлері тәркілеп алған синтетикалық есірткі мефедронның 200 дозасын құрайды. Қазіргі уақытта осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамалды. Тергеу жүргізіліп, барлық жағдайлар анықталып жатыр.