Ақжолтай ақпар. Шымкенттегі Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ жанынан жаңа колледж ашылды. Білім ордасына ұлт жанашыры Жүсіпбек Аймауытұлы есімі беріліп отыр. Колледжінің салтанатты ашылу рәсіміне  Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек қатысып, білім көкжиегіне қанат самғаған ұжымның жұмысына сәттілік тіледі.

«Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді». «Халық біз үшін емес, біз халық үшін туғанбыз»,-деп, елі үшін еміреніп еңбек еткен Жүсіпбек бабаның бұл колледжге есімі берілуі тектен-тек емес. Бұл символикалық жағдай деп атап көрсетті салтанатты жиында шаһар басышының орынбасары.  

Ұстаздар ұстаханасы жанынан ашылған  Жүсіпбек Аймауытұлы  колледжінің ашылуына былтыр Ғылыми кеңес мәжілісінде жасалған шешім түрткі болды. Оқу ордасын құрудағы басты мақсат – жас өскінді әуелі орта арнаулы оқу ордасында оқытып, ғылыми әлеуетін арттыру. Жоғары оқу орнындағы оқу жүйесіне дайындау. Колледжді оқып бітірген түлек, университетте қысқартылған оқу форматында оқиды. Бұл – процесс студенттің уақытын үнемдейді.

Байтұрсынов көшесінде орналасқан бұл ғимарат бұған дейін де университеттің құрамдас бір бөлігі ретінде жұмыс істеп келген. Бүгін колледж ретінде есігін айқара ашып отыр. Жаңа оқу жылынан бастап, талапкер қабылдайды. Үш мамандық бойынша. Олар:

Колледжде музыкалық білім, көркем еңбек және бастауышты оқыту бағдарламасының көрнекі құралдары мен жабдықтары түгел қамтылған. Салтанатты рәсімге қатысқан қонақтар оқу ордасының материалдық базасымен танысты.

Бұл колледже өз мамандығын жетік меңгерген, сауатты, рухани-адамгершілігі жоғары студенттер оқиды. Жаңа оқу жылында мемлекеттік грант қарастырылмақшы. Ұжымда 58 оқытушы оқытушы жұмыс істейді. Оларджың дені – ғылыми дәрежелі педагогтар.154 жалпы білім беретін аудитория, 21 кабинет, 13  зертхана және 2 шеберханасы бар.