Бөтеннің тауар белгісін пайдаланған пысықайлардың жолы кесілді. Жалған тауар жасаушылар  халық арасында кеңінен танымал тауар түрлерін яғни, ARIEL, Tide, Persil брендтерін  таңдаған. Шымкент қаласындағы Әділет департаментінің мамандары олардан 4 тоннаға жуық контрафакті өнімін тәлкілеген.  

Өзгенің тауар белгісін пайдаланып, саудаға салған пысықайлар заңды құқық иесіне 2 мил теңгеге жуық  залал келтірген. Бүгінде бұл іс сотта қаралып жатыр. Осы орайда, мамандар жалған тауар жасаушылармен қатар, оны саудалаған кәсіпкерлерде жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.

Айта кетейік, Шымкент қаласындағы Әділет департаменті 25 сәуір - Ұлттық зияткерлік меншік күніне орай 10 және 14 жас аралығындағы балалардың арасында «Ортақ болашақ үшін инновация және шығармашылық» тақырыбында сурет байқауын ұйымдастыруда. Мұндағы мақсат, жасөспірімдердің контрафакті өнімдерге деген төзімсіз көзқарасын туғызу. Сондай –ақ, ақпарат саласы бойынша да үздік мақала, үздік сюжет анықталатын болады. Байқауға қатысуға ниет білдірушілер Шымкент қаласы Желтоқсан көшесі 16 мекен жайында орналасқан Әділет департаменті зияткерлік меншік құқық бөліміне тапсыруға болады. Аталған байқау нәтижесі бойынша, үздік деп танылған туынды Әділет министрлігіне жолданып, сол жақта сараланады. Үздіктердің үздігін қомақты сыйлық күтуде.