1 мамырдан бастап елімізде жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылады.

 Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Үкімет отырысынан кейінгі брифингте жаңа ипотекалық бағдарлама қашан іске қосылатынын айтты. "Бұл бағдарламаның мақсатын жүзеге асыруға "Отбасы банкпен" бірлесіп, 300 млрд теңге тартылады. Бұл – бағдарламаның жалпы мөлшері. Халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққандар үшін пайыздық мөлшерлеме 7 пайыздан аспайды. 1 мамыр күні бағдарламаның барлық шартын жариялаймыз", - деді ведомство басшысы тілшілердің сауалына берген жауабында.