Автобустағы жол ақысын төлемей кету әлі күнге дейін өзекті мәселе екен. Кейібір адамдарға тоқтаусыз айыппұл салып тәрбиелемесек нәтиже болмайды. Қоғамдық көлік қызметінің проблемалары талқыланған жиында «Төлем» компаниясының өкілі осылай деді. Бұдан өзге қандай түйткілдер көтерілді?
Арнайы кездесуге транспорт басқармсы, тәртіп сақшылары, тасымалдаушы компаниялар, жүргізушілер мен қоғам белсенділері қатысты. Жиында қоғамдық көлік қызметіндегі бірқатар мәселелер талқыға түсті. Соның бірі жолаушылардың жол жүру ақысын төлемей кетуі. Жыры бітпейтін түйткілдің шешімі тоқтаусыз айыппұл деді «Төлем» компаниясының өкілі. Атына үлкен зақым келмейінше адамдар түсінбейді дейді ол.
«Төлем» терминалдарын өшіріп тастап, автобус жүргізушілері жол ақысын қолма қол ақшамен алуы. Бұл екінші мәселе. Бұндай жағдай орын алса, қоғамдық көліктен жолгірені төлемей түсіп кетуге болады. Транспорт басқармасының басшысы осылай деді. Айтуынша жүргізушілердің алатын 387 мың теңге жалақысын басқармадағылар да алмайды.
Жүргізушілердің жолда телефонмен сөйлесуі, билет таратпауы секілді мәселелер де айтылды. Проблемалар ретімен шешімін табу үшін қоғаам белсенділері, полицейлер, БАҚ өкілдері бәрі бірігіп рейдтік жұмыстарды жүргізу керек дейді басқосудағылар. Айта кету керек, бүгінде шаһарда 1000-ға жуық автобус қатынайды. 77 бағыт бойынша күнделікті 915 қоғамдық көлік маршруттарға шығады. 11 компания жолаушыларды тасымалдау қызметін көрсетеді екен.