Су тасқынынан зардап шеккен аймаққа қолдау көрсету шарасы жалғасуда. Шымкент қалалық Ассамблеясы ұйытқы болған «Жүектен жүрекке» жобасының үшінші жүк көлігі батысқа жолға шықты. Онда күнделікті тұтыну заттары, азық-түлік тиелген.

Еріктілердің көмегімен төтенше жағдайға тап болған аймаққа жылу жинау науқаны жалғасып жатыр. Мамандардың ақпаратынан соң өз еркімен көмек қолын созуға ниеттілер көбейген.

 Бұл шараға жастар да үн қосуда. Еріктілер тобы қолдан келгенше көмек беріп, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, ауызбіршілік танытуда.

Жүк көлігіне тек қажетті заттар тиелген. Көрпе-төсек, азық-түлікпен қатар гишгиеналық және балаларға арналған қажетті құралдар бар. Жергілікті тұрғындар мен кәсіпкерлердің демеушілігімен жеткен бұйымдар еріктілердің ықпалымен жүк көлігіне теліп жатыр.

Штаб жұмысы жалғасады. Дүйсенбіден 4-ші жөнелтілім жолға шықпақ. Ынтымағы ұйысқан елдің азаматтары бір үйдің баласындай бір-біріне жанашырлық танытуда. Мамандар қауіп сейілгенге дейін жылу жинауды тоқтатпаймыз,-деп отыр.