Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды кезекті рет қоғамдық көлікпен облыс орталығындағы жұмыстарды бақылады. Жаңа қала аумағынан «Бекзат» шағынауданына дейінгі аумақты аралап шығып, «Белсенді демалыс» саябағындағы жұмыстарды қадағалаған өңір басшысы мердігерге жұмысты сапалы әрі уақтылы атқаруды тапсырды.

Бұл саябақ туристік орталыққа айналуы тиіс. «Prime Residence» тұрғын үй кешені құрылысымен танысты. Бұл үйлер заманауи үлгіде салынбақ. Тұрғындарға қолайлы жағдай жасалады. Құрылыс бойынша тиісті міндеттер жүктелді.Облыс әкімі «Таза Қазақстан» акциясы аясында атқарылып жатқан тазалық және сантариялық жұмыстарды қадағалады. Шаһарды абаттандыру, ескі аумағындағы инфрақұрылымын жақсарту, жаңа нысандармен толықтыру бағытындағы жұмыстар туралы пікір алмасты. Түркістанда салынып жатқан құрылыс жұмыстарын бақылап, жауапты басқарма басшылары мен қала әкіміне тиісті тапсырмалар берді.

КЕЗЕКТІ ТОҒЫЗЫНШЫ СЕССИЯ

 Түркістан облыстық мәслихатының кезекті тоғызыншы сессиясы болып өтті. Сессия жұмысын облыстық мәслихат төрағасы Н.Әбішов жүргізді.Күн тәртібінде 18 мәселе қаралды.Сессияда Түркістан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы мен дін істері басқармасы басшыларының, облыстық мәслихат төрағасы мен тұрақты комиссия төрағаларының есептері қаралды.Одан бөлек, кадрлық өзгерістерге байланысты Түркістан облысы әкімдігі жанындағы бірқатар комиссиялардың құрамына өзгерістер енгізілді.Жалпы, сессия жұмысында қаралған мәселелер бойынша мәслихат депутаттары тиісті шешімдер қабылдады.Өз кезегінде облыс әкімі Д.Сатыбалды сессия жұмысын
қорытындылап, мәслихат жұмысына табыс тіледі.


«БЕЛСЕНДІ ҰЗАҚ ӨМІР» ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Түркістан қаласындағы «Бекзат» шағынауданында «Белсенді ұзақ өмір» орталығы ашылды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды әлеуметтік орталыққа арнайы барып, ел ақсақалдарымен, ардақты аналарымен кездесті. Еркін пікір алмасып, ұсыныстарын, ойларын тыңдады.  «Белсенді ұзақ өмір» секторының №1 филиалында зейнеткерлер үшін өте қолайлы жағдайлар жасалған. Денсаулықты жақсартуға арналған арнайы бөлмелер, массаж кабинеті, зияткерлік ойындар мен бильярд бөлмесі, тұз шахтасы, жаттығу жасауға арналған бөлмесі бар. Мұнда зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға  күндізгі сауықтыру-демалыс және сүйемелдеу қызметі көрсетіледі. Жан мен тәнді емдеп, ардагерлердің бос уақытын тиімді өткізуге толық мүмкіндік қарастырылған. Бір айда 150 адамды қабылдауға қауқарлы.