"Оқытудағы инновациялық әдістер мен жаңа ақпараттық технологияларды қолдану".  Аталған тақырыпта ШЫмкентте халықаралы семинар-практикум өтті. Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясында өткен жиын "Көркем еңбек", "Бейнелеу өнері" пәнінің ұстаздарына арналды. Оған Қазақстанның бірнеше өңірінен, сонымен бірге жақын шетелдерден мамандар қатысты.

Қазіргі білім кеңістігін заманға сай ақпараттық технологияларсыз елестету мүмкін емес. Бүгінгі ұстаздар үшін оқушыға білім, біліктілік дағдыларын игертіп қана қою жеткіліксіз. Баланың қабылдауын, ойлауын, ерік-жігерлерін, яғни өз бетімен жұмыс жасай білетін, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дамыту міндеттері тұр. Осы мақсатта Білім

Бикен Умарова, Білім басқармасы Әдістемелік орталығының директоры м.а
-Семинардың мақсаты жеке тұлғаның қалыптасуын және кеңістіктік - образдық ойлауын, көркем-технологиялық білімін визуалды және эстетикалық қабылдауын, сыни ойлауын дамыту, ұлттық және әлемдік материалдық мәдениет пен өнер шығармаларымен таныстыру, өнердің түрлері мен жанрлары туралы білімдерін және шығармашылықпен жұмыс жасау дағдыларын меңгерту бойынша тәжірибе алмасу.

 Халықаралық практикалық семинарға Қырғызстан республикасы және еліміздің білім беру ұйымдарының «Көркем еңбек» және «Бейнелеу өнері» пәндерінің мұғалімдері қатысты. Сондай-ақ ЖОО орындарының оқытушылары, әдістемелік орталықтардың әдіскерлері де тәжірибе алмасуға арнайы келді.  

 Семинарда электронды білім беру ресурстарын пайдалана отырып, замануи сабақты ұйымдастырудағы инновациялық тәсілдерді қолданудағы көркем еңбек, бейнелеу өнері және технология мұғалімдерінің тәжірибелері туралы баяндамалары оқылды. Арнайы түрлі бағытта  көрмелер мен қырғыз-қазақ ұлттық киім көрсетілімдері ұйымдастырылды.

 Білім басқармасына қарасты Әдістемелік орталық ұстаздардың білігі мен біліктілігін арттыру жұмысын жалғастыра бермек. Ұйымдастырушылардың айтуынша, алдағы уақытта Ы.Алтынсарин атындағы білім ошағы осындай әдіс-тәсілдерді тарататын базалық мектеп ретінде жұмыс істейтді.