Төлебиліктер соғыс ардагері, ҚР Құрметті шекарашысы Саип Садықовтың 100 жылдығын атап өтті. Өзі туып өскен Қазақстан ауылында жастар арасында әскери тәртіп бойынша сайыс өткізді. Алқалы жиында елі үшін кеудесін оққа тосқан ардақ азаматтың өнегелі өмірі мен табанды еңбегі кеңінен дәріптелді.  

Саип Садықов – екінші дүниежүзілік соғыс ардагері. Төлеби ауданындағы Қазақстан ауылында дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылған ол ана мен ауыл тәрбиесіне қанығып өскен. Ауыл мектебін үзік тәмамдаған соң Республикалық зауыттық-фабрикалық дайындық мектебінде оқыды. Енді маман иесі атанғанда соғыс майданына шақырылып, ой»ланбастан от кешуге жол тартқан.

Соғыс даласында өзінің ептілігімен ерекшеленген Саип Садыков Кеңестер одағы ішкі істер халық комииссартиатының әскери бөлімшесінде болады. Батыс Беларусь, Батыс Украина жерлерінде кеудесін оққа тосты. Ерен ерлігі үшін орденімен марапатталған.  

Пірімжан Садықов, С. Садықовтың ұлы  
- Мен әкеммен мақтанамын. Ол кейінгі ұрпаққа әскери өмірдің жауапкершілігін сезінуге үйретті. Қазір оның ұрпақтары да, яғни біз әскери қызметте жүрміз. Бұл сала нағыз ерлердің ісі. Сондықтан біз осындай әкеден туып, қатаң әрі жауапты тәртіпті алғанымызбен мақтанамыз. Бүгін елі, жері міне замандастары ол кісі туралы жақсы оларын айтып жатыр. Ерлік мәңгі ұмытылмайтынын тағы бір көрсетіп жатыр.

Әскери азаматтың ұрпағы да осы салада Тәуелсіз Қазақстанға қалтысыз қызмет етіп келеді. Әуелетте 4 полковник, 4 подполковни 2 майор тәрбиеленген. Ұрпақтары 100 жылдыққа орай веолморофон өткізіп, Душанбе, Самарқанд, Ташкент қалаларында жүріп өткен.

Олжас Саипов, С.Садықовтың шөбересі
- Мен Саип Садықовтың шөбересімін. Менің әкем де атам да әскери қызметкерлер. Мен өзімнің атаммен мақтанып отырмын. Ол кісі тураыл көп ақпаратқа қанығып өстік. Ол 21 жасында әскери шен тағып, өмірінің соңына дейін халық үшін тер төккен азамат.

Бұл күні аудандағы барлық мектеп оқушыларының қатысуымен әскери-потриоттық бағытта сайыстар өткізілді. Мақсат – жеткіншектерді әскери өмірге дайындап, шеберліктерін шыңдау.  

Ерлік – ұмытылмайды. Елі үшін қан майданда тағдырын елі үшін қиған жандар кейінгі толқынның мәңгі есінде. Саип Садықовты да жерлестері ауданнан шыққан алғашқы шекарашы ретінде ұмытпақ емес. Мұндай азаматтар ұрпағымен мың жасайтынына бек  сенімді.