Шымкентте Сейітжан қари Есжанұлы атындағы жаңа мешіт есігін ашты. Шаһарымызға белгілі меценат, кәсіпкер Серікжан Сейітжановтың демеушілігімен салынған орталықта бір уақытта 12 мың адам құлшылық ете алады. Мінәжат үйінің бүгін қызыл лентасы қиылып, халық игілігіне пайдалануға берілді. Дәл қазір мешітте алғаш рет жұма намазы оқылғалы жатыр. Айта кетейік, Бір уақытта 12 мың адам құлшылық ете алатын мешіттің ішінде қазіргі уақытта ине шаншыр орын жоқ. Алла үйінің салтанатты ашылу рәсіміне әлемнің түкпір түкпірінен түрлі ғалымдар келіп отыр, соның құрметтісі Құранды қолмен жазып шыққан Омар шейх Тохә бүгін қызл лентаны қию рәсіміне қатысты. Қадірлі қонаққа қала әкімі президенттің алғыс хатын табыстап, шапан жапты. Жалпы Мінажат үйі Нұрсәт шағын ауданында орналасқан, 12 гектар аумақта бой түзеген. Биіктігі 63 метрді құрайтын 4 мұнарасы менұндалап тұр. Халық тұрғындары тарихи күнді көзбен көргендеріне қуанышты екендігін жеткізіп жатыр. Айта кететін жайт су жаңа Алла үйі Гиннес рекордтар кітабына екі нұсқа бойынша қатысуға құжаттары дайындалып жатқаны белгілі болды