Қазақстан Еуро-2024 матчында қола медальға талас кезінде Францияны басып озды. Осылайша отандастар әуесқойлар арасында шағын футболдан Еуропа-2024 чемпионатының қола жүлдегері атанды. Құрлықтық турнир Босния және Герцеговинаның астанасы Сараевода өтті.

 Қазақстандықтар жартылай финалға дейін жетіп, Румыниядан жеңіліп қалды. 1/2 финалдың тағы бір матчында Сербия Францияны 5:0 есебімен жеңді. Үшінші орын үшін кездесуде Қазақстан Франциядан басым түсті, ал финалда Сербия Румынияны жеңді. Айта кетейік, алдыңғы Еуроның жеңімпаздары атанған әзірбайжандарды қазақстандықтар ширек финалда ойсырата жеңіп кетті.