Шымкентте жүргізіліп жатқан 42 құрылыс объектісінен 92 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Олқылықтар қажетті құжаттардан бастап құрылыс талаптарынан да табылған. Бұл мәселелерді Шымкент қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы Мейірлан Керімжанов баяндады. Тақырыпты тілші тарқатады.

Құрылыс талаптарын сақтамаған мердігерлерге 22 млн теңгеден астам айыппұл салынған. Қазақстан Республикасының азаматтық кодексінің талаптарына сәйкес заңсыз және заң нормалары сақталмай жүргізілген нысандар бойынша 27 сот шешімі шыққан. Оның 17-сі сот шешіміне сәйкес бұзылып, 10 –ы сот орындаушылар палатасына жолданыпты.

Қалада салынып жатқан құрылыс нысандарының жауапты техникалық қадағалаушыларынан құрылыс сапасы бойынша есептер қаралып отырады. Заң талаптарына сәйкес, ай сайынға есептерді қабылдап, анықталған заң бұзушылықтарды дер кезінде жою бойынша тиісті жұмыстар жүргізу және құрылыс сапасына тұрақты бақылау жасалады.

Құрылыс сапасына қатысты бақылау жұмыстары жүйеленген. Басқармамен ағымдағы жылдың бес айында құрылыс сапасына қатысты тағы 8 обьектіге хаттама толтырылып, әкімшілік жауапкершілікке қатысты тексеру жүргізілген. 6 нысан иесі сот шешіммімен жауапкершілікке тартылып отыр.