Маусымның үшінші жексенбісі – медицина мамандарының кәсіби мерекесі. Биыл бұл дата айдың 16-жұлдызына сәйкес келіп тұр. Қазір мейрамды атап өтуді дәрігерлер бастап кетті. Жастар орталығының сарайына сала үздіктері жиналып, концерт тамашалап қайтты. Әріптесім Лаура Сарманның бейнематериалын көрейік.


Медицина мамандарына берілген алғыс хаттар әр түрлі. Бір тобына әкімнің сыйы жетті, ендібірі мәслихаттың дипломын алды. Ал, эпидемиолог Кәмшат Ибраимова «Аманат» партиясының сыйлығына ие болып отыр.

 Биыл дәстүрлі спартакиада ауа райының қолайсыздығынан күзге қалдырылыпты. Алайда, бейресми кештер мен салтанатты шаралар жалғаса береді. Себебі, медицина мамандарының биыл жеткен жетістігі көп деді шаһардың бас дәрігері.

Шымкент қаласында орта буынды медициналық қызметкер саны 11 мыңнан асады. 5 мыңдай жоғары деңгейлі дәрігерлер жұмыс істейді.


Лаура Сарман – тілші 

«Қазақстанда күн сайын 2 мыңнан аса операция жасалады, 1000-нан аса адам босанады, 420 мың азаматқа емханаларда түрлі қызмет көрсетіледі. Сонымен қатар, 18 мыңнан аса жедел жәрдем шақырулары жүзеге асады. Күндіз-түні еңбек етіп жүрген адам жанының арашалары дәрігерлерді кәсіби мерекесімен біз де құттықтаймыз»