Шымкенттегі бірегей руханият ордасы Жұмат Шанин атындағы Қазақ драма театрының халі мүшкіл. Сахнасы театрлық қойылымдарға лайықталмаған, дыбысталу мен жарықтандырылу кешенінде де кемшілік көп. Өнер ордасына жаңа ғимараты берілгеніне енді ғана он жыл болды. Сондықтан күрделі жөндеу де мүмкін болмай тұр. Осылай деген өнерпаздар Шымкентке іс-сапармен келген Сенат депутаттарына базынасын жеткізді.

Ғасырға жуық тарихы бар Жұмат Шанин атындағы қазақ драма театрына жаңа ғимарат 2014 жылы берілген. Енді ғана он жыл болған нысан тозып, едені тесілген. Сахна бетіндегі дөңгелек айналма да о баста дұрыс орнатылмауынан бірде-бір рет жұмыс істемеген. Өнер залының жоғары механизмі, яғни жарық беру кешенінде де кемшілік көп. Құжатта сахнаны әрлеуге арналған 30 көтеру құрылығысы жазылса, мұнда бар-жоғы төртеу ғана. Оның өзі қауіпті деңгейді жұмыс істейді,-дейді театр қызметкері.

 Мәселе шешілуі үшін сахна күрделі жөнделіп, жаңа құрылғылар алынуы қажет. Мәдениет басқармамасының өкілі ол үшін жергілікті қала билігінен қаржы бөлініп, миллиардтар қарастырылып та қойғанын айтты. Алайда ереже бойынша пайдалануға берілгеніне он жыл болған ғимаратқа реконстуркция жұмысын жүргізу мүмкін емес.


Театр қызметкерлері депутаттарға салаға қатысты өзге де ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Халық қалаулыларынан мәселелердің шешілуі үшін заң жобаларын жетілдіруді сұрады. Сенат депутаттары Алишер Сатвалдиев пен Айгүл Қаппарова мәдиниет қызметкерлерінің талап-тілегін түртіп алып, проблеманы Парламентте көтеретінін жеткізді.