INSTAGRAM-ДА ҰТЫС ОЙНАТҚАН ШЫМКЕНТТІК СОТТАЛДЫ
Шымкентте заңсыз лотерея ұйымдастырған азаматша ұсталды. Ол әлеуметтік желі арқылы пайда таппақ болған.
Ұтыс ретінде «Toyota Land Cruiser Prado» маркалы автокөлігі мен Samsung, IPhone, Redmi смартфондарын, сондай-ақ, зергерлік бұйымдар және тұрмыстық техника қойылған. Билет сату кезінде белсенді жарнаманы жүзеге асырған пысықай келіншек, 1 данасын – 5000 теңгеге бағаласа, 3 данасын – 10 мыңға, 6 данасын – 20000 теңге, ал, 12 билетті жеңілдікпен – 40 мыңға, 30 данасын – 100000 теңгеге саудалаған. Сатылған билеттерден түскен қаражатты өзінің карт-шотына және туыстарының шоттарына жинаған. 2023 жылдың 10 қыркүйегінен 29 қарашаға дейін сатылған билеттерден түскен қаражаттың жалпы сомасы 96 млн теңгенің төңірегінде.