BUSNESS KIDS мектебі – психологиялық-педагогикалық тәлім беретін білім ұясы. Онда, аутизмге шалдыққан бүлдіршіндер ем қабылдап, білікті логопед, дефектологтың бақылауында болады. Мамандардың айтуынша, дертпен дер кезінде күрессе, аурудан құлан таза айығуға мүмкіндік мол.
Өкінішке орай, елімізде аутизммен ауыратын бүлдіршіндердің саны артып барады. Көбінде ата-аналар баласының бұл дертке шалдықанын кеш байқайды екен. Арнайы орталықтарды жағалап, бауыр еті баласы үшін мамандарды ақыға жалдайтындары да жетерлік. Бұл психологиялық-педагогикалық түзеу орталығы осындай жандарға тегін көмек беруге дайын.
Жаңадан ашылған психологиялық-педагогикалық түзеу мектебінің бала денсаулығына тигізер пайдасы ұшан теңіз, дейді мамандар. Бірінде бүлдіршін айнаға қарап логопед, дефектологпен жұмыс істесе, енді бірінде арнайы ойыншықтардың көмегі арқылы ой-өрісін дамытады. Сондай-ақ сенсорлы, массаж, емдік дене жаттығуына арналған бөлмелер бар. Білім ошағында дарынды балаларды да оқытады. Кәсіпкерлік негізі үйретіледі. Оқушылар дебат қозғалысы сияқты 5 бағытта тегін білім алады.
BUSNESS KIDS мектебінде 60 ерекше бала ем қабылдап, білім алады. Дарынды балаларды қосқанда білім ұясында 300 бала тәлім алуда. Мамандар баламен ғана емес, ата-аналармен де тығыз байланыс орнатқан. Сонда ғана нәтижелі жұмыс боларына сенімді.