Тұрғындардың электр энергиясына сұранысы артқан. Әр үйде тоқ көзін пайдалану деңгейі 0,5-0,7 Квт дейін өскен. Осыны ескерген «Оңтүстік Жарық Транзит» мекемесі Жетісай, Мақтарал аудандарында жарық бағаналары мен сымдарды ауыстыру жұмыстарын қолға алған. Инвестициялық жоба 1 айда толық бітеді. Монтаж жұмыстары қарқынды.
Жетісайдың шеткі ауылдарындағы жарық бағаналары халыққа 50 жылдан бері қалтқысыз қызмет етіп келеді. Ауыл іргесі кеңйіп, абоненттің көбеюі салдарынан сымдар ескірген еді. Енді міне «Оңтүстік Жарық Транзит» мекемесі инвестициялық жобаны қолға алып отыр.
Жоба бойынша 10КилоВольт 113 бағананы ауыстыру көзделген. 7 нысанның ұзындығы 14 шақыцрым. Сондай-ақ, 14 жерде 25 шақырымды құрайтын әуе желілері жаңартылуда. Сондай-ақ, трансформаторлар ауыстырылуда. Жарық сапасын арттыруға бағытталған жұмыстың 70 пайызы орындалған.
Игілікті бастамаға ауыл тұрғындары разы. Талай жылдан бері тозығы жетіп тұрған бағаналардың жаңарыру – жарықтың сапасының артуына септігін тізіп отыр. Жылдамдықтың 1000 КВ-қа дейін артуы – халық сұранысын қанағаттандыруға мол мүмкіндік.
Айтып өтейік, ел аумағында қолға алынған инвестициялық жобалар мемлекет қаржысын үнемдей отырып, халық сұранысын қанағаттандыруға таптырмайтын мүмкіндік. Жетісайдағы жаңалық соның дәлелі. Оңтүстік жарық транзит мекемесі өзге аудандарда да электр жүйелерін жаңғыртып жатыр.